Accessibility links

Израиль лидері АҚШ президентінің өтінішін ескермеді


Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы жаңа еврей қоныстарының құрылысын қайта жалғастырды. 2009 жылдың қарашасында құрылысқа мораторий қойылған болатын.

Мораторий алынысымен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббасты 1 жылдың ішінде бейбіт келісімге жету үшін келіссөзді жалғастыра беруге шақырды.

Израиль премьері осы аудандағы еврей қоныстарының құрылысына қойылған мораторийді ұзартуға шақырған АҚШ президенті Барак Обаманың өтінішін ескермеді. Одан бұрын М.Аббас мораторий жойылатын болса, онда келіссөзді үзетінін ескерткен болатын.

Өткен жексенбі күні ресми Вашингтон Тель-Авивің құрылысты қайта жалғастыруына қарамастан екі жақты келіссөзді жалғастыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG