Accessibility links

У.Чавес парламенттегі конституциялық басымдықтан айрылды


Венесуэла президенті Уго Чавестің жақтастары жексенбіде болып өткен сайлаудың нәтижесі бойынша парламентте басым дауысқа ие болды. Ол туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері хабарлады.

Комиссия төрағасының мәлімдеуінше, Біртұтас социалистік партия Ұлттық ассамблеядағы 165 мандаттың кемінде 90-ын, ал ал оппозициялық блок – кем дегенде 59-ын алады.

Демек осыдан 5 жыл бұрынғы парламент сайлауына байкот жариялаған оппозиция Чавестің үзеңгілестерін парламенттегі мандаттардың 2/3-іне ие болып келген конституциялық басымдықтан айырды деген сөз.

Алайда оппозиция көсемдері Чавестің партиясын сайлаушылардың жартысынан кемі қолдады деп мәлімдеп, сайлаудың бастапқы нәтижесіне күмән келтірді.

Берілген дауыстарды есептеу жалғасты.
XS
SM
MD
LG