Accessibility links

Пәкістанда ондаған экстремистің көзі жойылды


Дүйсенбі күні ресми ақпарат көзі хабарлағандай, НАТО күштері Пәкістанда әуеден оқ жаудырып кем дегенде 30 экстремистің көзін жойды. НАТО әскерінің Ауғанстандағы өкілі Риян Дональд мәлімдегендей, өткен сенбі күні тәліптер Хост өлкесіндегі НАТО-ның алдыңғы күзет постына шабуыл жасаған соң, бұл шабуыл «өзін өзі қорғау үшін» іске асырылды.

Хост өлкесі – Ауғанстанның шекара аумағында – Солтүстік Вазиристанда орналасқан. НАТО-ның соғыс тікұшақтары Пәкістанға шекарадан өткен экстремистердің ізін кесу үшін жіберілген еді.

Ресми ақпарға қарағанда, Пәкістаннан кейін ұшып келе жатқан тікұшақтарға қарсы шабуыл жасалған. Қарсы оқ жаудырылғанда тағы бірнеше экстремист оққа ұшқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG