Accessibility links

Румын полицейлері үкімет шарасына қарсы


Румынияның ішкі істер министрі Василе Блага полиция қызметкерлерінің үкімет саясатына қарсы жаппай наразылық шеруін ұйымдастыруынан кейін қызметінен кетті.

Министр өзінің қызметтен кетуін «ар-намысымды қорғау үшін» деп түсіндірді, өйткені полицейлер наразылық шеруіне басшылықпен келіспей шыққан көрінеді.

Жұма күні 5 мыңға жуық полиция қызметкері үкіметтің үнемдеу шарасына сәйкес, өздерінің айлық жалақаларының ¼-ге қысқартылуына қарсы Бухарест көшелерін шерулеп өтті.

Кейбірі президент Траян Басескуден биліктен кетуін талап етіп айқайлап, полицейлік бас киімін президент сарайына қарай лақтырды.
XS
SM
MD
LG