Accessibility links

Аустралияда бұрынғы 3 жауынгерге айып тағылды


Аустралияда арнаулы әскери бөлімнің бұрынғы 3 қызметкеріне Ауғанстанда бейбіт тұрғындарды өлтірді деген айып тағылды.

Хабарға қарағанда, 2009 жылдың ақпанында Аустралияның әскери бөлімі Ауғанстанның Урузган өлкесінде Талибан көсемдерінің бірін тұтқындау операциясына қатысқан. Оның барысында жергілікті алты тұрғын, оның ішінде 5 сәби қыршын болып, төртеуі жараланған.

Үш жауынгердің екеуі өздерін қорғайтындарын мәлімдеді. Өздерінің адвокаттары арқылы жариялаған мәлімдемелерінде олар бейбіт тұрғындардың қазасына өкініш білдіріп, бірақ операция кезінде өздеріне оқ жаудырылған, қорғануға мәжбүр болғандарын мәлімдейді.

Қазір Ауғанстандағы халықаралық коалициялық күштердің құрамында Аустралияның 1500 жауынгері қызмет етеді.
XS
SM
MD
LG