Accessibility links

Атом бомбасы бар Пәкістан - МАГАТЭ төрағасы


Пәкістанның ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық келісімге қосылмауына және өзінде ядролық қарудың болуына қарамастан осы елге атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіне төрағалық ету кезегі берілді.

Оған қоса Батыс Пәкістанның ядролық ізденістеріне атсалысқан бірқатар ғалымы, оның ішінде «Пәкістанның атом бомбасының атасы» атанған Абдулла Кадир Хан ядролық технологиясын жасырын түрде Иран мен Солтүстік Кореяға берді деп күдіктенеді.

Осындай жайттарға қарамастан МАГАТЭ-нің директорлар кеңесі Венадағы мәжілісінде агенттікке төрағалық ету құқының Пәкістанға берілуін мақұлдады.

Пәкістанды төрағалық етуге үміткер ретінде Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ұсынған болатын.
XS
SM
MD
LG