Accessibility links

Кавказда қарулы топтардың тағы бір көсемі ұсталды


Солтүстік Кавказда қарулы топтар көсемдерінің бірі Исса Хашагульгов қолға түсті, деп хабарлады Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қоғаммен байланыс орталығы.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, Хашагульгов Ингушетия жерінде әрекет ететін «Имарат Кавказ» тобы көсемдерінің бірі көрінеді. Оған заңсыз түрде қару-жарақ сатумен айналысты деген күдік түсіп отыр. Оның өзге де қылмыстарға қатысы болғаны тергелу үстінде.

Хашагульгов сенбі күні қолға түскен, бірақ Ресейдің қауіпсіздік қызметі оны дүйсенбі күні ғана хабарлады.

Өткен маусым айында Солтүстік Кавказдағы қарулы топтардың тағы бір көсемі «Магас» деген лақап аты бар Әли Тазиев тұтқынға алынды. Ол бірнеше ірі террористік шабуылға қатысқан көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG