Accessibility links

Қарағанды облысындағы кеніште жұмысшы мерт болды


Жезқазған қаласында "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде бір жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланды.

Ақпаратқа қарағанда, қыркүйектің 27-сі күні таңертеңгі сағат 05.45-те бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында 26 жастағы азаматты топырақ басып қалған. Ол оқиға орнында қаза болды.
XS
SM
MD
LG