Accessibility links

Мәскеу әкімі Лужков қызметінен кетті


Ресей президенті Дмитрий Медведев Юрий Лужковтың "Мәскеу әкімі қызметінен уақытынан бұрын тоқтату" туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз-қызметі хабарлап отыр.

Құжатта "Ресей Федерациясы президентінің сенімін ақтамағаны үшін Юрий Лужковтың Мәскеу мэрі қызметінен босатылғандығы" жазылған.

Әзірге қала әкімінің міндетін әкімнің бірінші орынбасары Владимир Ресин уақытша атқарады.

Юрий Лужков 18 жылдан бері Ресей астанасының басшысы болып келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG