Accessibility links

Алматыға Ауғанстан студенттерінің алғашқы тобы келеді


Алматыға қазақстандық жоғары оқу орындарда білім алу үшін Ауғанстан студенттерінің алғашқы тобы келеді. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.

«Сейсенбі күні түскі сағат 13-14-тің арасында арнайы чартерлік рейспен Алматы әуежайына Ауғанстаннан Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алуға келе жатқан ауған студенттерінің бірінші тобы келеді деп жоспарлануда», деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, бұл студенттер 2009 жылы қараша айында қол қойылған Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы келісімге сәйкес келеді. Келісім бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарында азаматтық кәсіпке ауғандық 1000 маман дайындалады. Жыл сайын Қазақстанға 200-ге жуық студент келеді деп келісілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG