Accessibility links

Ким Чен Ирдің ұлына генерал атағы берілді


Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ирдің кенже ұлы Ким Чен Унуға генерал атағы берілді. Бұл туралы бүгін жергілікті ресми ақпарат агенттіктері хабарлады.

Генерал шені сондай-ақ Ким Чен Унудың әпкесі – Ким Кен Хиге де берілді.

Бүгін Пхеньянда басталған елдегі билеуші жалғыз партия болып табылатын - Еңбек партиясының жиынында, Ким Чен Иру ел басшысының ізбасары атануы мүмкін деп хабарланып отыр. Бірақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.
XS
SM
MD
LG