Accessibility links

Мәскеудің экс-әкімі «Единая Россия» партиясынан шығады


Мәскеудің бұрынғы әкімі Юрий Лужков «Единая Россия» партиясынан шығуға өтініш берді, деп хабарлады президенттік партияның басшылығы.

Сейсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеу әкімінің құзырын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Медведев Лужковтың Мәскеу әкімі ретінде сенімді ақтамағанын және сол себепті де оны қызметінен босатқанын мәлімдеді.

Ресей президенті «сенімді ақтамады» деген уәжбен тағы бірқатар аймақ басшысының қызметінен аластатылуы мүмкін екенін теріске шығармады.

Медведев, сонымен қатар, «Единая Россия» партиясы ұсынған үміткерлердің ішінен Мәскеу әкімі лауазымына кімді тағайындау туралы әлі біржақты шешімге келмегенін хабарлады. Осы мәселе бойынша кеңестер таяу уақытта басталатын көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG