Accessibility links

Швецияда бірлескен шіркеу-мешіт салынады


Швеция астанасы – Стокгольм қаласының шетіндегі Фисксетр мекенінде жергілікті муниципалитет бір шатырдың астында лютеран-евангелие шіркеуі мен мұсылман мешітін салу жобасын мақұлдады. Ол туралы Азаттықтың орыс редакциясы хабарлады.

Бұл бастаманы жергілікті шіркеудің қызметкері, бұрынғы швед епископы Бенгт Ваденше көтеріпті.

Епископ христиан шіркеуі мен мұсылман мешітін бір шатыр астында салудың басты мақсатын көп мәдениетті қоғамда сенім ортасын қалыптастыру деп білетін көрінеді.

Христиандар да, мұсылмандар да қолдаған бұл жобаны Накка коммунасының муниципалитеті де мақұлдап отыр.

Христиандар мен мұсылмандардың бірлескен шіркеу-мешітінің құрылысы 3 жылға дейін созылады деп жоспарланған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG