Accessibility links

Испанияда бүгін жалпыұлттық ереуіл өтеді


Бүгін Испанияда биліктің әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсы ұйымдастырылған жалпыұлттық ереуіл өтеді. Қалаларда митингтер мен шерулер өтеді деп хабарланды.

Наразылық шарасына, жұмыссыз қалғандарға төленетін өтемақының қысқаруы, сақтандыру саласындағы өзгерістер, зейнеткерлік жастың 65 жастан 67 жасқа дейін көтерілуі мен зейнетақының азаюы себеп болып отыр.

Бұдан бөлек, Брюссельде Еуропа Одағының бас кеңсесінің алдында Арагон провинциясындағы 30 кәсіподақтың белсенділері наразылық шарасын өткізеді.
XS
SM
MD
LG