Accessibility links

Депутаттар Досқалиевтің денсаулығына алаңдаушылық білдірді


Бүгін Астанада бір топ депутаттар бас прокуратурадан, денсаулық министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты мәселені анықтауды сұрады. Министрдің денсаулығына алаңдаушылығын білдірген олар бас прокурор Қайрат Мәмидің атына сауал жолдады.

"Дүйсенбі күні Жақсылық Досқалиевті қаржы полициясы тергеп жатқан уақытта, демек қыркүйектің 25-і күні инсульт алғаны белгілі болды. Алайда тек қыркүйектің 26-сында ғана сағат 15.40-та ол Ұлттық медициналық орталыққа ауыр халде жеткізілген. Біз уақтылы медициналық көмек көрсетілсе, мұндай салдар болмаушы еді деп есептейміз",- деді депутат Марат Итеғұлов.

Ол Досқалиевтің жоғары деңгейдегі білікті хирург екендігін, дәрігер ретінде көптеген азаматтардың өмірін сақтап қалғанын еске салды.

"Досқалиевке деген қарым-қатынас та, көзқарас та басқаша болуы тиіс" деген депутат бас прокуратурадан министрге неге уақтылы медициналық көмек көрсетілмегенін тексеруді сұрады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG