Accessibility links

Сот Жақсылық Досқалиевті қамауға алуға рұқсат бермеді


Денсаулық министрі Жақсылық Досқалиев сот шешімімен қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы Азаттыққа Астана қаласы прокуратурасының өкілі Дариға Мусина хабарлады.

Оның сөзінше, дүйсенбі күні қалалық прокуратураға қаржы полициясынан өтініш түскен. Онда қаржы полиция Досқалиевке қатысты қылмыстық кодекстің 142 бабы бойынша (10 күнге қамауға алу) жаза тағайындауды сұраған.

Дегенмен, «қыркүйектің 28 күні Сарыарқа аудандық соты Досқалиевтың денсаулығына байланысты қаржы полициясының өтінішін қанағаттандырмады» деді Мусина Азаттыққа телефон арқылы.

Белгілі болғандай Қазақстанның қаржы полициясында бұл іске қатысты бүгін түсен кейін Астанада арнайы брифинг өткізеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG