Accessibility links

Ким Чен Ирдің ұлы билік партиясының бірнеше қызметтеріне тағайындалды


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирдің кенже ұлы - Ким Чен Ун солтүстіккорейлік Еңбек партиясындағы негізгі қызметтерге тағайындалды.

Ким Чен Ун билік жүргізуші партияның Орталық комитетіне кірді, сондай-ақ Корея Халық Демократиялық Республикасының Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұдан бұраны Ким Чен Уну мен оның әпкесі Ким Ген Хиға армия генералы атағы берілген еді.

Соңғы кезде, 68 жастағы Ким Чен Ирдің жасы 30 толмаған кенже ұлын өзінің мұрагері етіп тағайындауы мүмкін екендігі жайлы айтылды. Дегенмен ол ақпарат әрі ресми расталған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG