Accessibility links

Ресми Брюссель ресми Парижге қарсы сот ісін бастады


Еуропа Комиссиясы Францияның Румыния мен Болгарияның азаматтары болып табылатын сығандарды елден шығаруына байланысты оған қарсы сот ісін бастады. Ол туралы ЕуропаКомиссияның әділет пен Еуропа азаматтарының құқы бойынша мүшесі Вивиан Рединг хабарлады.

Францияның бірнеше мың сығанды елден шығаруы ресми Брюссель мен париж арасында айтарлықтай қарама-қайшылық туғызды.

Рединг француз үкіметінің іс-әрекетін ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс нацистерінің сығандарды қуадалауымен қарама-қатар қойды. Ресми Париж ондай бағаға наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG