Accessibility links

Илюмжинов ФИДЕ-нің президенті болып қалды


Кирсан Илюмжинов – халықаралық шахмат федерациясы – ФИДЕ-нің президенті болып қайта сайланды.

Оны ФИДЕ-ның Ханты-Манскийск қаласында өтіп жатқан конгресіне келген 160 өкілдің 96-сы қолдап дауыс берді.

ФИДЕ президенті лауазымына Илюмжиновтан басқа шахматтан әлемнің бұрынғы чемпионы Анатолий Карпов та дауысқа түскен болатын. Илюмжиновты Ресейдің шахмат федерациясы ұсынса, Карповты АҚШ-тың федерациясы ұсынды.

Жеңіске жету үшін үміткерлер 82 елдің дауысын алуға тиіс еді. ФИДЕ-нің президенті 4 жылға сайланады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG