Accessibility links

Шведова теннис жарысынан шығып қалды


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова сәрсенбі күні, 29 қыркүйекте Токиода өтіп жатқан «Торэй Пэн Пацифик Оупен» жарысының бірінші айналымында америкалық Ванья Кингпен бірге жұптасып ойнап, Италия спортшылары Татьяна Гарбин мен Франческа Скьявонелерден жеңіліп қалды.

Итальяндық жұп 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Ярослава Шведова бұдан бір күн бұрын жеке ойынның екінші айналымында ресейлік Елена Дементьевадан 6:0, 6:1 есебімен жеңілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG