Accessibility links

НАТО-ның соққысынан Пәкістан жауынгерлері қаза тапты


Бейсенбі күні Ауғанстандағы НАТО күштерінің соғыс тікұшақтарының зымырандық соққысынан Пәкістанның үш әскери қызметкері қаза тапты.

Келіп жатқан хабарларға қарағанда, төтенше оқиға ауған-пәкістан шекарасы бойындағы Жоғарғы Оракзай ауданында болды.

Тікұшақтар қателесіп Пәкістан әскерінің күзет постын нысанаға алса керек.

Пәкістан үкіметі төтенше оқиғаның жай-жапсарын тиянақты тергеп болғанша, Ауғанстандағы халықаралық күштерге өз жері арқылы тасымалданатын жүктерді ұстап тұратынын мәлімдеді.

НАТО күштерінің басшылығы оқиғаны дереу тергеуге уәде берді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG