Accessibility links

Ким Чен Ирдің кенже ұлының суреті жарияланды


Солтүстік Кореяда елдің қазіргі басшысы Ким Чен Ирдің ұлы әрі оның билік басындағы мұрагері болуы мүмкін Ким Чен Унның алғашқы фотосуреті жарияланды. Ол туралы бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі хабарлады.

Корея халық-демократиялық республикасының ресми ақпарат агенттігі жариялаған фотосуретте Ким Чен Ун коммунистік Кореяның Еңбек партиясы көсемдерімен бірге бейнеленген. Билік партиясының конференциясы таяуда ғана Пхеньянда болып өтті.

Партия форумында Солтүстік Корея көсемінің кенже ұлы Орталық әскери комиссияның төрағасы әрі партияның Орталық комитетінің мүшесі болып сайланды. Оған, сонымен қатар, армия генералы шені берілді.

Ким Чен Ун – ел билігі басында әкесінің мұрагері бола ма деген жорамал айтыла бастады.
XS
SM
MD
LG