Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында қырғыз фермері жаралады


Қырғызстанның тілшіміз хабарлағандай, қырғыз-өзбек шекарасында Қырғызстан азаматы жарақат алды.

Баткен облысы әкімшілігінің қорғаныс және тәртіп қорғау бөлімінің басшысы Таштемір Эшалиевтің айтуынша, төтенше оқиға өткен сейсенбі күні Кайтпас ауылының маңында болды.

Өзбек шекарашысы Алмаз Жороев деген азаматқа оқ атқан. Жороевтың мәлімдеуінше, ірі қарасын іздеп байқамай шекарадан өтіп кетіпті. Шекара сақшысы оған ескертпей оқ атқан.

Қазір жаралы фермер ауруханаға жатқызылды. Оның денсаулығы жаман емес көрнінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG