Accessibility links

Тәжік президенті қарулы топтарға ультиматум жолдады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің шығысында әрекет етіп жүрген қарулы топтарға қаруын тастап, жасақтарын таратуды талап еткен ультиматум жолдады.

Ультиматумды қолма-қол тапсыру үшін елдің шығысына Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әмірқұл Әзімов тікұшақпен ұшып шықты.

Оның қарсаңында үкімет күштерінің Рашт қаласында жүргізген операциясының нәтижесінде кем дегенде 9 содыр оққа ұшып, жетеуі тұтқынға түсті.

19 қыркүйек күні осы қалада үкімет әскерінің автокеруеніне тосын шабуыл жасалып, 28 жауынгер қаза болып, тағы 12-і жараланды.

Республика басшылығы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті тәжік оппозициясының дала қолбасыларына жүктеді.
XS
SM
MD
LG