Accessibility links

Ауғанстанда НАТО күштеріне шабуыл жасалды


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласының іргесінде бомба орнатылған автокөлікке отырған жанпидашыл-қаскүнем НАТО әскерлерінің автокеруеніне соғылмақ болды.

Бастапқы мәлімет бойынша, одан 3 адам қаза тапты, барлығы да оқиға болған жерде жүрген жергілікті тұрғындар. Жергілікті биліктің хабарлауынша, тағы 12 кісі жараланды, ішінде балалар да бар.

Халықаралық күштердің жауынгерлері арасында жапа шеккендердің бар-жоқтығы әзірше белгісіз.

Қастандық жергілікті базардың маңында болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG