Accessibility links

Пәкістанда жаңа төңкеріс болуы мүмкін


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф елде жаңа әскери төңкерістің болуы мүмкін деген жорамал айтады.

Лондонда сөйлеген сөзінде генерал Мушарраф Пәкістан армиясына саяси рөл беру керек деп мәлімдеді. Бұрынғы президент Пәкістан армиясының қазіргі қолбасылары елдегі абырой-беделі жоқ президент Асиф Әли Зардариге қарсы күш қолдануы мүмкін екенін де теріске шығармады.

Генерал Мушаррафтың өзі 1999 жылғы қантөгіссіз әскери төңкерістің нәтижесінде билік басына отырған болатын. Бірақ 2008 жылы президент билігінен кетуге мәжбүр болды.

Ал енді таяуда Мушарраф президент тағы үшін күресетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG