Accessibility links

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты


Қарағанды облысындағы Сатпаев қаласында «Анненский» кенішінде жұмысшы қаза болды. Ол туралы Төтенше жағдайлар бойынша облыстық департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Кеніш «Қазақмыс» корпорациясына қарайды.

Қайғылы оқиға бейсенбіге қараған түні болды.

Жерасты шахтасының 29 жастағы көлік жүргізушісін таутасы басып қалыпты. Қазір оқиғаның жай-жапсары тергелу үстінде.
XS
SM
MD
LG