Accessibility links

Қазақ қыздары дзю-додан Әлем кубогінде 2 медаль алды


Дзю-до күресінен Қазақстанның қыздар құрамасы Әлем кубогінің Ташкентте өткен сатысында бір күміс пен қола медаль ұтып алды.

78 келі салмақ дәрежесінде шымкенттік қыз Зарина Әбдірасулова күміс медаль алса, 70 келі салмақта - Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан қызылордалық Жанар Жанұзынова қол медальге ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 6 орынға шықты.
XS
SM
MD
LG