Accessibility links

Ашхабад газын ЕуроОдаққа экспорттауға мүдделі


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов еуропалық тұтынушыларға түркімен газының орасан зор қорын беруге уәде етті.

Бейсенбі күні Ашхабадта өткізген баспасөз-маслихатында Бердімұхамедов Иолотань-Осман газ көздерінің тобында ғана, баға бойынша, 18 триллион текше көгілдір отынның қоры барлығын атап өтті.

Түркімен президенті өз елінің көгілдір отынды ЕуроОдақ елдеріне экспорттауға мүдделі екенін шегелеп айтты.

Қазіргі күні Түркіменстанда өндірілетін газ негізінен Ресей мен Иранға және Қытайға экспортталады.
XS
SM
MD
LG