Accessibility links

Эквадор президенті ел алдында сөз сөйледі


Эквадор президенті Рафаэль Корреа бүлік шығарған полицейлер шаубылы кезінде ауруханаға түсіп қалып, ол жерден әскерилердің көмегімен босап шыққан соң президент сарайының балконында тұрып, Кито тұрғындарына арнап сөз сөйледі.

Эквадор басшысы бейсенбі күні, 30 қыркүйекте көзден жас ағызатын газдан уланып, ауруханаға түскен. Әлеуметтік төлемдерді азайтуға қарсы шыққан полицейлер келіссөзге келген президентке қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Корреа бүлік кезінде аз дегенде бір полицей қаза тапты деген ақпаратты растады.

Көптеген елдердің басшылары Эквадордағы тәртіпсіздікті айыптады. АҚШ, Еуропа одағы және БҰҰ басшылары Рафаэль Корреаны қолдайды.
XS
SM
MD
LG