Accessibility links

Қырғызстан: өзбектердің істері қаралған 2 сот үзілді


Қырғызстанда этникалық өзбектердің ісі бойынша басталған 2 сот мәжілісі үзілді. Қарасу ауылындағы 10 өзбектің ісі бойынша сот олардың адвокаттарына құрбан болғандардың туыстары шабуыл жасаған соң тоқтады.

Айыпкерлерге этникалық өзбектер мен қырғыздардың арасындағы осы жылдың маусым айында болған қанды қақтығыс кезінде Қарасу ауылы милициясының бастығы мен оның автокөлік жүргізушісін өлтірді деген айып тағылып отыр.
Айыпкерлердің адвокаты түрмеде олардың азапталғандарын айтқан кезде, қаза болғандардың туыстары оған шабыл жасап, сот кеңсесінен шығып кетуге мәжбүр етті.

Ноокен ауылындағы «Санпа» деген іс бойынша басталған сот та құрбан болғандардың туыстары мен адвокаттардың сот ғимараты маңында төбелесуі салдарынан үзілді.

Сотта 13 маусым күні Жалалабад қаласының іргесінде өтіп бара жатқан автокөліктерге оқ жаудырып, көліктерден түскен қырғыз жолаушыларды ұрып-соғып өлтірді деген айыпталған бірнеше өзбектің ісі қарала басталған еді.

Бас-аяғы 16 адам қаза болып, 2 кісі әлі де хабарсыз жоғалды деп есептеледі.
XS
SM
MD
LG