Accessibility links

Алпамыс Бектұрғанов бостандыққа шықты


Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың бұрынғы кеңесшісі, жазушы Алпамыс Бектұрғанов түрмеден босатылды.

Алпамыс Бектұрғанов Орал сотының 30 қыркүйектгі шешімі бойынша жазасын кесімді жазасын өтеу мерзімінен бұрын «үлгілі тәртібі үшін» шартты бостандыққа шыққанын Азаттық тілшісіне хабарлаған.

Батыс қазақстандық кеңесші-жазушы 2009 жылдың тамыз айында әкім Бақтықожа Ізмұхамбетовке жала жапты деген айыппен бір жылға сотталған болатын, кейіннен Бектұрғановқа « кітаптарын облыс кітапханаларына сатуда құзырын асыра пайдаланды» деген айыппен тағы үш жылдық түрме жаза кесілген еді.
XS
SM
MD
LG