Accessibility links

АҚШ Гватемаладағы эксперимент үшін аяққа жығылды


1940-жылдардың аяқ шенінде Гватемалада тұтқындар мен жүйке дертіне шалдыққандар ауруханасындаңыларға медициналық тәжірибе- сынақ өткізілгені үшін Құрама Штаттар кешірім сұрап отыр.

Америкалық дәрігерлер сифилисті емдеудің тиімді жолдарын табу мақсатында бұл латын-америкалық елдегі психиатрия науқастары мен тұтқындарға әлгі жұқпалы дертті қолдан жұқтырып, емдеп эксперимент жасаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен денсаулық сақтау және әлеуметтік сала министрі Кэтлин Себелиустың мәлімдемелерінде ол эксперименттер «жабайылық, тағылық» деп аталған.

АҚШ президенті Барак Обама Гватемала прзеиденті Альваро Коломмен телефонмен сөйлесіп, кешірім өтінетіндігін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG