Accessibility links

АҚШ азаматтарын Eуропада террор қаупі өсіп барады деп ескертпекші


Жақын күндері АҚШ мемлекеттік департаменті Еуропа аймағында тұрып жатқан және осы өңірге сапарға жиналған азаматтарына мұнда террор қаупі қоюланып барады деген ескерту жарияламақшы.

Бұл жөнінде АҚШ пен Ұлыбритания арнайы қызметтеріндегі бұлақ көздеріне сілтеме жасай отырып, Би-Би-Си арнасы хабарлаған.

Ескертуде Еуропаға сапарға барудан бас тарту ұсынысы емес, мұқият сақ болу керектігі турасында сөз болады делінген.

Ескерту жақында Әл-қаиданың Германия, Франция мен Британияда террорлық актілерді жүзеге асыру туралы жоспары әшкере болуына байланысты жасалмақшы.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG