Accessibility links

Аустралия премьер-министрі Ауғанстанда сапарда жүр


Аустралия министрлер кабинетінің жетекшісі Джуллия Гиллард алдын-ала хабарламай-ақ Ауғанстанға барды.
Кабулда Джуллия Гиллард Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен және осы елдегі НАТО күштерінің бас қолбасшысы Дэвид Петреуспен кездесті.

Гиллиардтың сөзіне қарағанда, Сидней Ауғанстандағы АҚШ бастаған шетелдік миссияға өзінің қолдау-көмегін жалғастыра береді.

Аустралия премьері қызметінңдегі бұл алғашқы шетелдік сапарында Гиллард ханым Урузган провинциясындағы халықаралық күштер қатарындағы аустралиялық солдаттармен де кездесті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG