Accessibility links

Палестина мораторий ұзартылмаса, келіссөзді тоқтатамыз дейді


Палестиннің жетекші саясаткерлері автономия басшысы Махмұд Аббастың егер Израиль Иордан өзенінің сол жағалауындағы еврей қоныстарындағы құрылысқа жарияланған мораторий мерзімін ұзартпаса, келіссөзден шығамыз деген ұстанымына қолдау білдірді.

Дегенмен де келіссөздерді жалғастыру-жалғастырмау туралы түпкілікті шешімді палестиндіктер келесі аптада Ливиядағы Араб лигасы саммитінің қорытындысы бойныша қабылдайтын болады.

Бұл аралықта Израль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина автономиясының басшылығын бейбіт келіссөздерді алдын-ала шарт қоймай- ақ жалғастыра беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG