Accessibility links

Досқалиев сот шешімімен тұтқынға алынады


Астана соты Қаржы полициясының денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевты тұтқынға алу туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы "Новости-Казахстан" агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, №2 Сарыарқа аудандық сот қазанның 2-сі күні Астана қаласы қаржы полициясының Досқалиевті 10 күнге тұтқынға алу туралы өтінішін қанағаттандырған.

Қаржы полициясы қыркүйектің 21-і күні денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Қаржы полициясы оны Қылмыстық кодекстің 308-бап, 4-бөлімі бойынша, яғни өз қызметін асыра пайдаланды деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG