Accessibility links

Қаржы полициясы: дәрігерлер Досқалиевке жалған диагноз қойған


Қаржы полициясы дәрігерлердің Досқалиевке жалған диагнозды өзінің өтініші бойынша қойғанын айтып отыр. Бүгін өткен брифингте қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай Досқалиевті қараған бірқатар дәрігерлерден куә алынғанын хабарлады.

Оның сөзінше, консилиум төрағасы, бас дәрігердің орынбасары Әлібек Мустафин өз жауабында Досқалиевтің клиникаға келіп түскен уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейін адекватты және есінде екенін мойындаған.

"Мустафиннің айтуынша, ол қойылған жалған диагнозды тергеу органдарымен бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылған жалған ақпаратты Досқалиевтің өтініші бойынша берген, - деді қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай қазанның 4-і күні.

Бұдан бөлек, қаржы полициясының айтуынша, бүгінгі таңда Досқалиевтің үстінен тағы бір қылысмыстық іс қозғалған.

«Тергеу барысында Досқалиевтің пара ретінде тағы да 6 пәтерді алғаны анықталды. Олардың бірін Досқалиев өзінің жақын туысына тіркеген.Ал қалған бесеуін сатқан», деді қаржы полициясының өкілі.
XS
SM
MD
LG