Accessibility links

Республикада бірнеше қамау изоляторының қызметі тоқтатылды


Бас прокуратура арнайы жүргізген тексерулердің нәтижесінде ішкі істер органдарына қарасты бірқатар уақытша қамау изоляторларының қызметін тоқтатты. Олар тиісті талаптар мен нормативтерге, қамауға алынғандарды ұстаудың ең төменгі стандартты ережелеріне сай келмеуіне және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталмауына байланысты жабылып отыр.

Прокуратура мәліметтерінше, арнайы экономикалық соттың шешімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы изолятор, Қостанай облысындағы Алтынсарин, Қамысты, Федоров және Таран аудандары ішкі істер бөлімдерінің изоляторлары қызметін тоқтатты.

Қазіргі таңда Кентау, Түркістан қалалары, Төле би және Шардара аудандары ішкі істер бөлімдерінің уақытша қамау изоляторларының қызметін тоқтату туралы прокуратураның талап-арыздары сотта қарастырылып жатыр.
XS
SM
MD
LG