Accessibility links

Тәліптер НАТО автокеруеніне 2 рет шабуыл жасады


Пәкістанның тәліптері Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жүктерді тасымалдайтын автокеруенге қарсы жасалған шабуылды өз мойындарына алды.

Шабуыл дүйсенбі күні таңертең Исламабадтың түбінде болды. Соңғы дерек бойынша, 6 адам қаза болып, 9 кісі жараланды. Тәліптер 20-ға жуық жүк көлігі мен автоцистернаны өртеді.
Бұл соңғы 3 күн ішіндегі екінші шабуыл. Тәліптер осыдан басқа тағы тосын шабуылдар ұйымдастыратынын ескертті.

Ауғанстандағы коалициялық күштерге Пәкістан территориясы арқылы жүк тасымалдау –НАТО-ның соғыс тікұшақтарының таяудағы әуе соққысынан кейін уақытша тоқтатылды. Сол соққыдан Пәкістанның 3 жауынгері қаза тапқан болатын.

Ресми Исламабад жүк тасымалы елдің солтүстік-батысындағы қауіпсіздік ахуалы жақсарғанда ғана жалғасатынын ескертті.
XS
SM
MD
LG