Accessibility links

Босния-Герцеговинада сайлау болып өтті


Босния және Герцеговинада өткен жексенбі күні болып өткен жалпы сайлаудың дауыстарын есептеу аяқталып қалды.

Бастапқы қорытынды бойынша, елдегі ең жоғарғы ұжымдық билік болып табылатын Төралқаға мұсылмандардан Босния мұсылмандарының бұрынғы көсемі Алия Изетбеговичтің ұлы, байсалды саясаткер Бакир Изетбегович сайланды.

Бірақ Босния сербтерінің ішінен Төралқаның қазіргі мүшесі Небойша Радманович көш бастап келеді. Ол Босния сербтерінің республикасы Мұсылман-хорват федерациясынан бөлінуге тиіс деген көзқарас ұстанады.

Биліктің есебі бойынша, Босния сербері берген дауыстардың 13 пайызы жарамсыз болып танылды. Жалған бюллетендер тасталуы мүмкін деген күдікпен тергеу жүргізіледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG