Accessibility links

Ирақта вице-министрге қастандық жасалды


Дүйсенбі күні Бағдадта жоғары лауазымды шенеунектің өміріне қастандық жасалды.

Ирақтың ғылым және жаңа технологиялар вице-министрі Фуад әл-Муссауи қызмет көлігімен келе жатқан жолында жарылғыш іске қосылды. Шенеунектің өзі аман қалды, бірақ оққағарының бірі қаза тапты.

Бағдадтың Каррада ауданында болған жарылыстан тағы бір кісі мерт болды.

Дияла өлкесіндегі бірнеше ұлттың өкілдері тұратын Джалавла қаласында жарылыстан жергілікті 3 тұрғын құрбан болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG