Accessibility links

Ирақтың мұнай қоры 143 миллиард баррелден асады


Дүйсенбі күні Ирақтың мұнай өнеркәсібі министрі елдің жер қойнауынан өндіруге болатын мұнай қорының көлемі 143 миллиард баррелден де асқанын мәлімдеді.

Мұнайдың жаңа расталған қорының көлемі бұрын жарияланған 115 миллиард баррель көлемінен едәуір көп.

Ирақтың мұнай өнеркәсібі министрі Хусеин Әш-Шахристани - дүйсенбі күні өткізген баспасөз-маслихатында – шикізат қорының жаңа көлемі Ирақтың 12 облысында жұмыс істеп жатқан халықаралық мұнай компанияларының көмегімен анықталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнай қорының басым бөлігі – 71 пайызы – Ирақтың оңтүстігінде, 20 пайызы солтүстігінде және тағы 9 пайызы орталығында шоғырланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG