Accessibility links

Бірінші Нобель сыйлығын ағылшын физиологы алады


Медицина бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығын британиялық физиолог Роберт Эдвардс алатын болды. Ол туралы дүйсенбі күні Стокгольмдегі Нобель комитеті жариялады.

Нобель сыйлығы 85 жастағы ғалым Роберт Эдвардсқа жасанды түрде ұрықтандыру саласындағы ұзақ жылғы зерттеулері үшін беріледі.

Эдвардстың ғылыми ізденістері әйелдерді белсіздіктен емдеудің тәсілдерін дамытуға үлкен үлес қосқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG