Accessibility links

Тәжікстанда қарулы топқа қарсы шайқас жалғасты


Тәжікстанның шығысындағы үкімет күштері мен қарулы топтардың арасындағы қақтығыстың барысында өткен тәулікте жергілікті милицияның 5 қызметкері оққа ұшып, біреуі жараланды.

«Азия плюс» агенттігі хабарлағандай, шайқас Душанбеден 300 шақырым қашықтықта орналасқан Рашт ауданындағы Камароб шатқалында болды. Бастапқы мәліметке сәйкес, қарулы топтың 2 мүшесінің көзі жойылды.

22 қыркүйек күні Тәжікстанның шығысында қарулы топқа қарсы ірі операция басталды. Одан 2 күн бұрын қарулы топ әскери автокеруенге шабуыл жасап, 26 әскери қызметкер оққа ұшқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG