Accessibility links

Құранға тіл тигізген голланд саясаткерінің соты басталды


Амстердам қаласында діниаралық араздық және мұсылмандарды шеттетті деген айыптар бойынша голландиялық саясаткер Геерт Вилдерстің ісі бойынша сот басталды.

Соттың бірінші күні саясаткерді қорғайтын Голландиядағы белгілі адвокаты Брам Мошкович Вилдерс өзінің үнсіз отыру құқын пайдаланатынын мәлімдеді. Адвокат сөйлеуден бас тартуының себебін түсіндіру үшін Вилдерске 2 минут уақыт беруін өтінді. Одан кейін Вилдерс судьяның сұрақтарына жауап беруден жалтарды.

Өзінің 2 минуттық сөзінде Вилдерс сөз бостандығын құрметтеуге шақырып: - Мен өзімнің айтқан бірде-бір сөзімнен бас тартпаймын. Бірақ мен айтпаған сөздерге немесе маған таңып жүрген сөздерге мұның қатысы жоқ, - деп мәлімдеді.

Вилдерске айыптар мұсылмандардың ащы наразылығын көтерген 17 минуттық Fitna фильмі мен оның Құранды Адольф Гитлердің Mein Kampf кітабына теңегені үшін тағылып отыр.

Сот сейсенбіде жалғасады.
XS
SM
MD
LG