Accessibility links

Астанада тұрғын үйде болған өрттен бір адам қаза тапты


Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт болды. Оқиға орнынан құтқарушылар тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйітін тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланып отыр.

Бес шаршы метр аумаққа жайылған жалынды сөндіру барысында 47 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға дүйсенбі, қазанның 4-і күні түнде Сарыарқа ауданындағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде орын алды.

Өрт 9 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG