Accessibility links

Шыңжаңда салынып жатқан су қоймасы Балқашқа зиянын тигізуі мүмкін


Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында салынып жатқан су қоймасы Балқаш көлінің экологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Садуақасова BNews. kz порталындағы online-конференция барысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Батыс Қытайдағы бұл су қоймасына Ертістен қосымша су қажет болады. Ал бұл Балқаш көліндегі су деңгейінің төмендеуіне алып келеді екен. .

Вице-министрдің айтуынша, соңғы 40 жылдағы ауа-райының өзгеруінен Қазақстан 40 пайызға жуық су қорынан айырылып қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG