Accessibility links

Чили: жер астында қалған кеншілер келесі аптада құтқарылуы мүмкін


Чилиде тамыз айынан бері 700 метрлік тереңдікте қамалып қалған 33 кенші келесі аптада жер бетіне шығарылуы мүмкін.

Чили президенті Себастьян Пиньераның сөзінше, құтқару жұмыстары жылдам жүріп жатқандықтан, кеншілер қазанның 15-іне қарай құтқарылуы мүмкін.

Құтқарушылар жер астындағы кеншілерге жеткілікті көлемдегі ұңғыма жүргізгеннен кейін, олар арнайы кабинаның көмегімен жер бетіне шығарылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG