Accessibility links

Токио мен Бейжің өзара келіссөз өткізуге уағдаласты


Брюссельде дүйсенбі күні «Еуропа-Азия форумы» саммитінің аясында Жапония мен Қытай үкіметтерінің төрағалары Наота Кан мен Вэнь Цзябао өзара кездесті.

Бұл - Шығыс Қытай теңізіндегі өткен айдағы жанжалдан кейінгі жоғарғы деңгейдегі алғашқы кездесу болып отыр. Кездесуде тараптар екі жақты қарым-қатынасты жақсартуға және таяу уақытта бар проблеманы шешу үшін келіссөз өткізуге уағдаласты.

Өткен айда Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдың маңында жапондар қытайлық балық аулайтын кеменің капитанын тұтқындауының салдарынан ресми Токио мен Бейжің арасындағы қатынас шиеленісіп кеткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG